KASE басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — KASE басқарма төрағасының орынбасары болып Айнагүл Ысқақова сайланды, деп хабарлайды қор биржасының баспасөз қызметі.

KASE  фондовая биржа қор биржасы
Коллаж: Kazinform

— Қазақстан қор биржасының (KASE) директорлар кеңесінің шешімімен 2025 жылдың 23 маусымынан бастап KASE басқарма төрағасының орынбасары болып Айнагүл Қуанышбайқызы Ысқақова (өкілеттік мерзімі 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін) сайланды, — делінген хабарламада.

Айнагүл Ысқақова Қазақстан Республикасының қаржы секторында 18 жыл жұмыс өтілі бар, 2018 жылдан 2022 жылға дейін KASE-де Стратегия және халықаралық ынтымақтастық бөлімшесін басқарды. Жақында «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ басқарушы директоры, басқарма мүшесі болды, онда оның басшылығымен Agile әдіснамасы бойынша өнімді әзірлеу практикасы енгізілді. Қаржылық талдау, стратегиялық жоспарлау, жобалық басқару және халықаралық қатынастар саласында тәжірибесі бар.

KASE Директорлар кеңесі 2025 жылдың 20 маусымынан бастап Ермек Болатұлы Мәжікеновтің KASE Басқарма төрағасының орынбасары ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Осы шешімдерді ескере отырып KASE басқармасы бес адамнан тұрады:

Мұхамеджанов А.Н., басқарма төрағасы;

Аманжолова Д. М., басқарма төрағасының орынбасары;

Гришко М.В., басқарма төрағасының орынбасары;

Ысқақова А.К., басқарма төрағасының орынбасары;

Саржақов Ж.Н., бсқарма төрағасының орынбасары.

Бұған дейін Kazakh Tourism-да басшылық ауысқаны туралы жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар