KASE Биржалық кеңесінің төрайымы болып Айгүл Тасболат сайланды

АЛМАТЫ. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасының (KASE) Биржалық кеңесінің 2010 жылғы шілденің 9-ындағы шешімімен Биржалық кеңес төрайымы болып «Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Тасболат сайланды.
None
None

Ол жұмыста жоқ кезінде, Биржалық кеңес төрағасының қызметтік міндетін «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ басқарма төрайымы Шолпан Айнабаева, немесе атқарушы директор - «Сентрас Секьюритиз» АҚ активтерді басқару департаментінің директоры Мирлан Ташметов атқаратын болады.

Биржалық кеңестің жаңа құрамы жақын арада KASE веб-сайтында жарияланады.

Сонымен қатар, Қазақстан қор биржасы Биржа кеңесінің шешімімен 2010 жылғы шілденің 9-ында Биржа кеңесінің келесі мүшелері Листингілік комиссияның мүшелігіне сайланды:

Листингілік комиссия төрағасы - Қышпанақов В.А., «BCC Invest» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары - «Банк ЦентрКредит» АҚ серіктес ұйымы, ол болмаған жағдайда - Айнабаева Ш.Р., «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ Басқармасының төрағасы («Казкоммерцбанк» АҚ серіктес ұйымы) немесе Қарабаев Д.С., «Қазақстан Халықтық жинақтау банкі» АҚ Басқарма төрағасы алмастырады.

Соңғы жаңалықтар