KASE: Доллар бағамы көтерілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

Доллар
Фото: Александр Павский/ Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,23 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 474,06 теңге.

Ұлттық банктің 25 шілдедегі ресми бағамы — 1 долларға 474,09 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,48 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 474

теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 475,5 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 472 теңге, сатып алу құны — 477 теңге.

Ресей рублі 5,38 — 5,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар