KASE: доллар бағамы - 147,55 теңге, еуро бағамы - 190,90 теңге
АЛМАТЫ. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Жұма күнгі күнгі саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 23 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,55 теңгені (-0,02 теңге), ал сауда көлемі -110 100 мың долларды құрады (+ 28 500 мың АҚШ доллары).
Т+0 есебімен еуроның орташа бағамы 190,90 теңге, сауда көлемі - 300 мың теңгені құрады.
Т+0 АҚШ доллары есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі баға белгіленімі болған жоқ.