KASE: доллар бағамы 147,60 теңге

АЛМАТЫ. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
None
None

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Дүйсенбі күнгі саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,60 теңге теңгені (+0,08 теңге), ал сауда көлемі -204 600 мың долларды құрады (+166 150 мың АҚШ доллары).

Т+0 есебімен еуро бойынша келісімдер жасалмады. Сессия жабылар кездегі ең жақсы баға белгіленімі бір еуро үшін 186,30/186,80 теңге болды.

Т+0 АҚШ доллары есебімен еуро бойынша келісімдер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар