12:00, 06 Қаңтар 2009 | GMT +5
KASE: доллар бағамы көтеріліп келеді
АЛМАТЫ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында АҚШ долларының кезекті саудасы өтіп, бүгін доллардың орташа бағамы 120,95 теңгені құрап отыр.
Кешегі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 120,86 теңгені құраған болатын. Ал бүгінгі сессия көлемі 91,600 миллион американ долларына жетті, деп хабарлайды ҚаЗАқпарат биржаға сілтеме жасап.