KASE: Доллар бағамы тағы да төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 369,93 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,47 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 369,5 теңге, ал ең жоғарысы - 370,2 теңге болған. Сауда көлемі 40,35 млн долларды құрады.

Сәрсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 370,4 теңгені, күндізгі сессияда 370,06 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 370,11 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 212,65 млн доллар болды.

Соңғы жаңалықтар
telegram