11:28, 10 Желтоқсан 2018 | GMT +5
KASE: Доллар бағамы тағы төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 369,36 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.
Жұма күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 1,01 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 369 теңге, ал ең жоғарысы - 369,65 теңге болған. Сауда көлемі 73,6 млн долларды құрады.
Жұма күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 370,37 теңгені, күндізгі сессияда 370,53 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 370,49 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 115,9 млн доллар болды.