Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

KASE кешкі сессиясы: АҚШ доллары - 145,33 теңге

АЛМАТЫ. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT),

KASE кешкі сессиясы: АҚШ доллары -  145,33 теңге

еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), еуро бойынша Т+2 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT) KASE-нің кешкі сауда сессиясы аяқталды.

Саудаға KASE-нің 12 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.

Т+1 теңге есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 145,33 теңгені, ал сауда көлемі 92 200 мың АҚШ долларын құрады.

Т+2 теңге есебімен АҚШ долларымен мәміле жасалған жоқ. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Т+1 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.