KASE кешкі сессиясы: АҚШ доллары - 148,22 теңге

МАТЫ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), еуро бойынша Т+2 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT) KASE-нің кешкі сауда сессиясы аяқталды.

KASE кешкі сессиясы: АҚШ доллары -  148,22 теңге

Саудаға KASE-нің 13 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.

Т+1 теңге есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 148,22 теңгені, ал сауда көлемі - 34 300 мың АҚШ долларын құрады.

Т+2 теңге есебімен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессияның жабылуында сұраныс бағамы АҚШ доллары үшін 148,00 теңгені, ұсыныс жоқ.

Т+1 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларында сауда жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Т+1 есептерімен еуро бойынша теңгемен орташа бағам 1,3210 теңге, сауда көлемі 10 000 мың еуроны құрады.

Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларында сауда жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.