KASE кешкі сессиясы: АҚШ доллары - 148,41 теңге
МАТЫ. 6 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT) KASE-нің кешкі сауда сессиясы аяқталды.
USDKZT_SPT мен EURUSD_SPT бойынша бүгін KASE жүргізілген жоқ, өйткені 10 қазан АҚШ-та Колумб күні болып тойланады. Саудаға KASE-нің 17 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.
Т+1 теңге есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 148,41 теңгені, ал сауда көлемі - 184 300 мың АҚШ долларын құрады.
Т+2 теңге есебімен еуро бойынша орташа бағамы 1,3330 АҚШ долларын, ал сауда көлемі - 10 000 мың еуроны құрады.
Т+1 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларында сауда жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларында сауда жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.