KASE кешкі сессиясы: АҚШ долларының бағамы 146,93 теңге

АЛМАТЫ. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM),
None
None

еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT) KASE-нің кешкі сауда сессиясы аяқталды.

АҚШ-та 17 қаңтарда атап өтілетін мерекелік күнге (Мартин Лютер Кинг күні) байланысты, KASE бүгін EURKZT_SPT және EURUSD_SPT бойынша сауда өткізген жоқ. Саудаға KASE-нің 9 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.

Т+1 теңге есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 146,93 теңгені, ал сауда көлемі 6 100 мың АҚШ долларын құрады.

Т+2 АҚШ доллары есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 146,93 теңгені, сауда көлемі -31 000 АҚШ долларын құрады.

Т+1 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар