KASE кешкі сессиясы: АҚШ долларының бағамы - 147, теңгені құрады

еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT) KASE-нің кешкі сауда сессиясы аяқталды.
АҚШ-та 17 қаңтарда атап өтілетін мерекелік күнге (Мартин Лютер Кинг күні) байланысты, KASE бүгін EURKZT_SPT және EURUSD_SPT бойынша сауда өткізген жоқ. Саудаға KASE-нің 17 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.
Т+1 теңге есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 147 теңгені, ал сауда көлемі -103 200 мың АҚШ долларын құрады.
Т+2 АҚШ доллары бойныша теңге есебімен мәмілерер жасалған жоқ. Сассияның жабылар кезіндегі баға белгіленімі бір доллар үшін 146,90 теңгені, ұысыныс АҚШ доллары үшін 147,05 теңгені құрады.
Т+1 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.