KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары = 147,01 теңге

АЛМАТЫ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) кешкі сауда сессиясы аяқталды, оған KASE-нің «В» санатындағы 8 мүшесі қатысты,
None
None

деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.

Кешкі сауда сессиясы АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), жасалды.

(EURKZT_SPT) және (EURUSD_SPT) есептерә бойынша мәміле бүгін сәуірдің 2-сі ГФР-да және Ұлыбританияда демалыс күні болғандықтан (діни мейрам) өткізілген жоқ.

Т+1 есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 1 доллар үшін 147,01 теңгені құрап, сауда көлемі 9 000 мың АҚШ доллары болды.

Т+2 есептерімен АҚШ доллары бойынша теңгемен сауда жасалмады. Сұраныс пен ұсыныс болған жоқ.

Т+1 есебімен еуроның АҚШ доллары бойынша орташа бағамы бір еуро үшін 1,3442 USD, сауда көлемі 900 мың еуро болды.

Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар