Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,89 теңге

АЛМАТЫ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) кешкі сауда сессиясы аяқталды, оған KASE-нің «В» санатындағы 11 мүшесі қатысты,

KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,89 теңге

деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.

Кешкі сауда сессиясы АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT) жасалды.

Т+1 есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 1 доллар үшін 147,89 теңгені құрап, сауда көлемі 12 400 мың АҚШ доллары болды.

Т+1 және Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.