KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,94 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+1 есебімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен  (EURKZT_TOM),
None
None

еуро бойынша Т+1 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ SPT) кешкі сауда сессиясы өтті.

Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 12 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147, 94 теңгені, сауда көлемі - 95 000 АҚШ долларын құрады.

АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында бір АҚШ доллары үшін сұраным 147,86 теңгені, ұсыныс - 147,95 теңгені құраған.

Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар