KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 148,43 теңгені құрады
АЛМАТЫ. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен (USDKZT_ SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен, (EURKZT_ SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ SPT) кешкі сауда сессиясы өтті.
Жұма күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 13 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,43 теңге, сауда көлемі 2 800 мың АҚШ доллары болды.
Т+2 есебімен АҚШ доллары бойынша теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.