KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 148,86 теңге

АЛМАТЫ. Қазанның 25-і.  ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+1 (USD_TOD) және T+2 (USD_SPT) есептері бойынша АҚШ долларымен, Т+0 (EUR_TOD) есептері бойынша еуромен кешкі сауда өтті.

KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 148,86 теңге

 Бүгінгі саудаға KASE-нің 5 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қор биржасына сілтеме жасап.

АҚШ-та мерекелі күн болуымен байланысты қор биржасында  Т+1 есебімен АҚШ доллары бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ.

 Т+2 есебімен  АҚШ доллары бойынша, орташа бағам валютаның 1 бірлігіне 148,86 теңгені құрап, сауда көлемі 51 000 доллар болды.

 Т+1 есептері бойынша еуромен мәміле жасалмады, сұраныс пен ұсыныс болған жоқ.

REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де 1 доллар үшін 148,84/148,94 теңгені құрады.