KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 148,87 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 19 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+1 есебімен теңгемен (USDKZT_ TОМ), еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен  (EURKZT_ TОМ), еуро бойынша Т+1 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ TОМ),

KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 148,87 теңгені құрады

АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT) кешкі сауда сессиясы өтті.

Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 8 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,87 теңге, сауда көлемі -5 700 мың АҚШ доллары болды.

АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында 1 АҚШ доллары үшін сұраным 148,85 теңгені, ұсыныс - 148,91 теңгені құрады.

Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.