KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 149,35/149,30 теңгені құрады
АЛМАТЫ. 28 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен (USDKZT_ SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен, (EURKZT_ SPT), еуро бойынша Т+2
есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ SPT) кешкі сауда сессиясы өтті.
Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 17 мүшесі, қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 149,35 теңге, сауда көлемі 70 500 мың АҚШ доллар болды.
АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен соңғы мәміле 1 доллар үшін 149,30, сауда көлемі 2000 мың АҚШ доллар болды.
Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ. Сессияның жабылуында
Еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.