KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,26 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+1 есебімен теңгемен (USDKZT_ TОМ), еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен  (EURKZT_ TОМ), еуро бойынша Т+1 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ TОМ),  АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT) кешкі сауда сессиясы өтті.
None
None

Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 15 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,26 теңгені, сауда көлемі 79 500 мың АҚШ долларын құрады.  

АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен орташа бағамы 1 доллар үшін 150,33 теңгені, сауда көлемі 26 000 мың АҚШ долларын құрады.

Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар