KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,78 теңгені құрады

Т+1 есебімен еуромен АҚШ долларында (EURUSD_TOM), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен, (EURKZT_ SPT), кешкі сауда сессиясы өтті.
KASE-де бүгін USDKZT_ SPT және EURUSD_ SPT бойынша сауда АҚШ-та 27 мамыр мерекелі күн (Еске алу күні) болуымен байланысты өткізілген жоқ.
Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 17 мүшесі, қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
Т+1 есебімен теңгеде АҚШ долларының орташа бағамы 1 АҚШ доллары үшін 150,78 теңгені, сауда көлемі - 34 800 мың АҚШ долларын құрады.
Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.