18:35, 24 Мамыр 2013 | GMT +5
KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,91 теңгені құрады
АЛМАТЫ. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+1 есебімен еуромен теңгеде (EURKZT_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен, (USDKZT_SPT), Т+2 есебімен АҚШ долларында еуромен (EURUSD_SPT) кешкі сауда сессиясы өтті.

KASE-де бүгін USDKZT_TOM және EURUSD_TOM бойынша сауда АҚШ-та 27 мамыр мерекелі күн (Еске алу күні) болуымен байланысты өткізілген жоқ.
Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 14 мүшесі, қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
Т+1 есебімен теңгеде АҚШ долларының орташа бағамы 1 АҚШ доллары үшін 150,91 теңгені, сауда көлемі - 35 300 мың АҚШ долларын құрады.
Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.