KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 151,36 теңгені құрады

Т+1 есебімен еуромен АҚШ долларында (EURUSD_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен (USDKZT_ SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен, (EURKZT_ SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ SPT) кешкі сауда сессиясы өтті.
Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 11 мүшесі, қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
Т+1 есебімен теңгеде АҚШ долларының орташа бағамы 1 АҚШ доллары үшін 151,36 теңгені, сауда көлемі - 3 000 мың АҚШ долларын құрады.
АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгеде мәмілелер жасалған жоқ. Сессияның жабылуында ұсыныс 1 АҚШ доллары үшін 151,44 теңге болды, бірақ сұраныс болған жоқ.
Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.