KASE кешкі сессиясының қорытындысы: доллар - 147,73/147,66 теңге

АЛМАТЫ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) кешкі сауда сессиясы аяқталды, оған KASE-нің «В» санатындағы 13 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.
None
None

Кешкі сауда сессиясы АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT) жасалды.

Т+1 есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 1 доллар үшін 147,73 теңгені құрап, сауда көлемі 69 300 мың АҚШ доллары болды.

Т+2 есептерімен теңгемен АҚШ долларының орташа бағамы бір доллар үшін 147,72 теңгені құрады, сауда көлемі - 40 000 мың АҚШ доллары.

Т+1 және Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар