KASE кешкі сессиясының қорытындысы: доллар - 147,74 теңге

АЛМАТЫ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) кешкі сауда сессиясы аяқталды, оған KASE-нің «В» санатындағы 9 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.
None
None

Кешкі сауда сессиясы АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT) жасалды.

Т+1 есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 1 доллар үшін 147,74 теңгені құрап, сауда көлемі 104 700 мың АҚШ доллары болды.

Т+2 есептерімен АҚШ доллары бойынша теңгемен сауда жасалмады. Сұраныс пен ұсыныс болған жоқ.

Т+1 және Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар