KASE кешкі сессиясының қорытындысы

АЛМАТЫ. Қазанның 4-і.  ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+1 (USD_TOD) және T+2 (USD_SPT) есептері бойынша АҚШ долларымен, Т+0 (EUR_TOD) есептері бойынша еуромен кешкі сауда өтті. Бүгінгі саудаға KASE-нің 9 мүшесі қатысты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат қор биржасына сілтеме жасап.

Т+1 есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 1 доллар үшін 148,77 теңгені құрап, сессия көлемі 10 500 мың АҚШ доллары болды.

 Т+2 есебімен  АҚШ доллары бойынша, сауда жасалмады. Сұраныс пен ұсыныс болған жоқ.

 Т+1 есептері бойынша еуромен де мәміле жасалмады, сұраныс пен ұсыныс болған жоқ.

REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де 1 доллар үшін 148,82/148,92 теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар