KASE күндізгі сессиясы: АҚШ доллары 339,14 теңге

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

KASE күндізгі сессиясы: АҚШ доллары  339,14 теңге

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 (USDKZT_TOD) АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 339,14 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 77 750   мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 теңгемен еуро бойынша мәмілелер  жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,2857 теңгені құрады, сауда-  саттық көлемі 46 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның орытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 338,82 теңгені(+0,31 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 239,350 мың (+98 300 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік +11,9693 %   құрады, сауда-саттық көлемі - 161 700 мың АҚШ долларын құрады;

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік +11,9955 %   құрады, сауда-саттық көлемі - 110 000 мың АҚШ долларын құрады;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған   жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 26 банк қатысты.