KASE күндізгі сессиясы: АҚШ доллары 348,99 теңге
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.
Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:
- есептесуі теңгемен Т+0 (USDKZT_TOD) АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 348,99 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 90 400 мың АҚШ долларын құрады;
- есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ
- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,3359 теңгені құрады, сауда- саттық көлемі 22 100 мың рубль болды.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 348,97 теңгені (-3,09 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 141 600 мың (-27 000 мың).
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,5580 % құрады, сауда-саттық көлемі - 297 100 мың АҚШ долларын құрады;
- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,4092 % құрады, сауда-саттық көлемі - 67 200 мың АҚШ долларын құрады;
- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ
Сауда-саттыққа 27 банк қатысты.