KASE күндізгі сессиясы: доллар 150,85/150,86 теңгені, рубль 4,8133 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE): есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD), есептесуі Т+0 теңгемен еуро бойынша (EURKZT_TOD), есептесуі Т+0 АҚШ долларымен еуро бойынша (EURUSD_TOD), есептесуі Т+0 теңгемен рубль бойынша (RUBKZT_TOD), валюталық своп операциялары бойынша (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.
None
None

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша сессия болып табылады. Долларының спот-нарығына KASE валюталық нарығының 20 мүшесі, своп-нарыққа - 15 қатысты.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле бір АҚШ долларына 150,85 теңгені құраған бағамы бойынша жасалды, сауда-саттық көлемі 76 900 мың АҚШ долларын құрады. Сессия жабылу сәтіне ең үздік баға белгілеулері - бір АҚШ долларына 150,85/150,86 теңгені құрады.

Еуро спот-нарығында:

- есептесуі Т+0 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сауда-саттық сессия жабылу сәтіне KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

- есептесуі Т+0 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сауда-саттық сессия жабылу сәтіне KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,8133 теңгені құрады, ал сауда-саттық көлемі - 14 000 мың рубльді құрады.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде сұраным бағасы +0,03 теңгені құрады, ұсыным көлемі 152 300 мың АҚШ доллары;

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған бағам +0,06 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 162 300 мың USD болды;

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтіне KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

    - EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтіне KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Соңғы жаңалықтар