KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 146,27/146,30 теңге, рубль - 5,2450 теңгені құрады
АЛМАТЫ. 21 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD),
еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_00_02, EURKZT_0_002, EURKZT_0_001) күндізгі сауда сессиясы өтті.USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 25 мүшесі, своп-нарықта - 11 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 146,27 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 58 200 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 146,27/146,30 теңге болды.
Еуро спот-нарықта:
- Т+0 есептерімен еуромен теңге бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
- Т+0 есептерімен еуро бойынша АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
- Т+0 есептерімен Ресей рублінің бағамы 5,2450 теңгені, сауда көлемі 14 500 мың рубльді құрады.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы +0,01 теңгені, сауда көлемі 58 000 мың АҚШ долларын құрады.
- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.