Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 146,83/146,84 теңге, рубль - 4,9353 теңге

АЛМАТЫ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_00_02, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.

KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 146,83/146,84 теңге, рубль - 4,9353 теңге

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 18мүшесі, своп-нарықта - 8 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 146,84 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 94 700 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 146,83/146,84 теңге болды.

Еуро спот-нарықта:

- Т+0 есебімен еуро бойынша теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- Т+0 есептерімен еуро бойынша АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- Т+0 есебімен Ресей рублінің орташа бағамы 4,9353 теңге, сауда көлемі 8 000 мың рубльді құрады.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сессияның жабылуында сауда көлемі 111 300 мың АҚШ долларын құрады.

- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сессияның жабылуында сауда көлемі 44 000 мың АҚШ долларын құрады.

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.