KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 149,30/149,35 теңгені, еуро - 185,00 теңгені, рубль - 4,6996 теңгені құрады
АЛМАТЫ. 14 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен (EURKZT_TOD),
еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD и EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бейсенбі күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 22 мүшесі, своп нарықта - 9 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 149,35 теңге, сауда көлемі 55 900 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 149,30/149,35 теңгені құрады.
Еуро спот-нарықта: еуро бойынша Т+0 есептерімен теңгемен орташа баға белгіленімі бір еуро үшін 185,00 теңгені, сауда көлемі - 200 мың еуроны құрады; еуро бойынша Т+0 есептерімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Ресей рублінің T+0 есептерімен теңгемен орташа баға белгіленімі бір рубль үшін 4,6996 теңге, сауда көлемі 20 700 мың рубль болды.
Валюталық своп операциялары нарығында: USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы +0,01 теңгені, сауда көлемі 24 000 мың АҚШ долларын құрады; USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы +0,01 теңгені, сауда көлемі 148 000 мың АҚШ долларын құрады; EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ; EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.