KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 149,38/149,40, рубль - 4,5175 теңгені құрады

None
None
АЛМАТЫ. 28 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен,  (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0

есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD),   валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD и EURUSD_TOD  үшін бұл сессия қосымша болды. Жұма күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі, своп нарықта - 7 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 149,40 теңге, сауда көлемі 146 300 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 149,38/149,40 теңгені құрады. 

Еуро спот-нарықта:

 - Т+0  есептерімен  еуро бойынша  мәмілелер жасалған жоқ,  сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- Т+0  есептерімен  еуро бойынша  мәмілелер жасалған жоқ,  сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- Ресей рублінің T+0 есептерімен теңгемен орташа баға белгіленімі бір рубль үшін 4,5175, сауда көлемі 3 500 рубль болды.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы +0,01 теңгені, сауда көлемі 75 500  мың АҚШ долларын құрады;

- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы +0,02 теңгені, сауда көлемі 129 000 мың АҚш долларын құрады;

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ;

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар