KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,45 теңгені, еуро - 201,35 теңгені құрады

Аталған инструменттер үшін бұл сессия негізгі болып табылады. Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 22 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,45 теңгені (-0,05 теңге), сауда көлемі 176 850 мың АҚШ доллары (+99 750 мың АҚШ доллары) болды.
Еуро еуро бойынша Т+0 есептерімен орташа бағамы бір еуро үшін 201,35 теңгені, сауда көлемі - 400 мың еуроны құрады.
Еуро бойынша Т+0 есептерімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті инструмент бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.