KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 151,04/151,05 теңгені, рубль - 4,7954 теңгені құрады

еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 18 мүшесі, своп нарықта - 12 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 151,05 теңге болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 151,04/151,05 теңгені құрады.
Еуро бойынша Т+0 есептерімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ; еуро бойынша Т+0 есептерімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Ресей рублі бойынша Т+0 есептерімен теңгемен орташа бағамы бір рубль үшін 4,7954 теңгені құрады.
Валюталық своп операциялары нарығында: USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы +0,03 теңгені; USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы +0,04 теңгені құрады; EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ; EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.