KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 153,94/154,00 теңгені, рубль - 4,7767 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 10 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен (EURKZT_TOD),
None
None

еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. USDKZT_0_00 валюталық своп операциялары 2013 жылғы 14 қазанда мерекелі күн (Колумб күні) болуына бафйланысты өткізілген жоқ. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 24 мүшесі, своп нарықта - 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 154,00 теңге, сауда көлемі 72 450 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 153,94/154,00 теңгені құрады.

Еуро бойынша Т+0 есептерімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ; еуро бойынша Т+0 есептерімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Ресей рублі бойынша Т+0 есептерімен теңгемен орташа бағамы бір рубль үшін 4,7767 теңгені, сауда көлемі 29 700 мың рубльді құрады.

Валюталық своп операциялары нарығында: USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы +0,06 теңгені, сауда көлемі 268 600 мың USD құрады; EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ; EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар