KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 147,09/147,11 теңге, еуро - 198,85 теңге, рубль - 5,0088 теңге
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 валюталық своп операциялары бүгін сәуірдің 2-сі және сәуірдің 5-і ГФР мен Ұлыбританияда демалыс күндері (діни мерйам) болуына байланысты өткізілмеді. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 20 мүшесі, своп-нарықта - 4 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,10 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 101 550 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 147,09/147,11 теңге.
Спот-нарықта:
- Т+0 есептерімен еуро бойынша мәмілелер жасалмады, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.
- Т+0 есептерімен АҚШ долларында еуро бойынша мәмілелер жасалмады, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.
Т+0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы Ресейдің 1 рублі үшін 5,0088 теңге, сауда көлемі 12 100 мың рубль болды.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағам 0,00 теңге, сауда көлемі 36 000 мың USD; сессия жабылуында сұраныс бағасы 0,00 теңге, ұсыныс -0,01 теңгені құрады.
- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағам 0,00 теңге сауда көлемі 78 000 мың USD болды.