Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: : доллар - 147,17/147,18 теңге, еуро - 186,30/187,12 теңге, рубль - 4,7 теңге

ЛМАТЫ. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.

KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: : доллар - 147,17/147,18 теңге, еуро - 186,30/187,12 теңге, рубль - 4,7 теңге

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 19 мүшесі, своп-нарықта - 6 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,17 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 138 700 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 147,17/147,18 теңге.

Спот-нарықта:

- Т+0 есептерімен теңгеде еуро бойынша мәміле жасалмады, сессияның жабылуында сұраныс бір еуро үшін 186,30 теңге, ұсыныс 187,12 теңге болды.

- Т+0 есептерімен АҚШ долларында еуро бойынша мәмілелер жасалмады, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.

Т+0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы Ресейдің 1 рублі үшін 4,7733 теңге, сауда көлемі 20 500 мың рубль болды.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағам +0,01 теңге, сауда көлемі20 000 USD;

- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағам +0,01 теңге сауда көлемі 152 000 мың USD болды.

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ,

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.