KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 147,36/147,38 теңге, рубль - 4,9462 теңге
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 18 мүшесі, своп-нарықта - 4 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,38 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 28 000 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 147,36/147,38 теңге.
Спот-нарықта:
- Т+0 есептерімен еуро бойынша теңгемен мәміле жасалмады, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.
- Т+0 есептерімен АҚШ долларында еуроның орташа бағамы бір еуро үшін 1,3657 USD құрады, сауда көлемі 1 500 мың еуро болды.
Т+0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы Ресейдің 1 рублі үшін 4,9462 теңге, сауда көлемі 9 500 мың рубль болды.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 орташа бағам 0,00 теңге, сауда көлемі 40 000 мың USD; сессия жабылуында сұраныс бағасы +0,01 теңге, ұсыныс -0,01 теңгені құрады.
- USDKZT_0_002 орташа бағам 0,00 теңге сауда көлемі 47 000 мың USD болды.
- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ,
- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.