KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 147,60/147,63 теңге
АЛМАТЫ. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 18 мүшесі, своп-нарықта - 7 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,61 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 74 000 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 147,60/147,63 теңге.
Спот-нарықта:
- Т+0 есептерімен еуро бойынша мәмілелер жасалмады, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.
- Т+0 есептерімен АҚШ долларында еуро бойынша мәмілелер жасалмады, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 орташа бағам -0,01 теңге, сауда көлемі 5 000 мың доллар; сессия жабылуында сұраныс бағасы 0,00 теңге, ұсыныс -0,01 теңгені құрады.
- USDKZT_0_002 орташа бағам 0,00 теңге сауда көлемі 50 000 мың USD болды.
- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ,
- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
2010 жылғы ақпанның 22-сі және 23-і Ресей Федерациясында мерекелі күн болуына байланысты (Отан қорғаушылар күні) Ресей рублімен Т+0 есебімен (RUBKZT_TOD) сауда өткізілген жоқ.