KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 147,84/147,88 теңге, евро - 203,25/204,50 теңге, рубль - 4,9280 теңге

АЛМАТЫ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.

KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 147,84/147,88 теңге, евро - 203,25/204,50 теңге, рубль - 4,9280 теңге

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 21 мүшесі, своп-нарықта - 6 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,88 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 36 800 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 147,84/147,88 теңге.

Спот-нарықта:

Т+0 есептерімен еуро бойынша мәмілелер жасалмады, сессияның жабылуында сұраныс бір еро үшін 203 теңге, ұсыныс - 204,50 теңге болды.

- Т+0 есептерімен АҚШ долларында еуро бойынша мәмілелер жасалмады, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.

Т+0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы Ресейдің 1 рублі үшін 4,9280 теңге, сауда көлемі 1 800 мың рубль болды.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 орташа бағам 0,00 теңге, сауда көлемі 53 000 мың доллар; сессия жабылуында сұраныс бағасы +0,01 теңге, ұсыныс -0,01 теңгені құрады.

- USDKZT_0_002 орташа бағам 0,00 теңге сауда көлемі 50 000 мың USD болды.

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ,

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.