KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 148,76/148,79, евро - 223,78, рубль - 5,1052 теңге

АЛМАТЫ. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+0 (USD_TOD) есептері бойынша АҚШ долларымен, Т+0 (EUR_TOD) есептері бойынша еуромен және T+0 (RUB_TOD) есептерімен рубльдің күндізгі саудасы өтті.
None
None

Бұл сессия доллар үшін қосымша болды. Бүгінгі спот-рынок саудаға KASE-нің 20 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қор биржасына сілтеме жасап.

Т+0 есебімен еуроның орташа бағамы 1 бірлік үшін 223,78 теңгені құрап, сауда көлемі 2 000 мың еуро болды.

Ресей рублінің орташа бағамы валютаның 1 бірлігі үшін 5,1052 теңгені құрап, сауда көлемі 10 000 мың рубль болды.

Спот-рынокта АҚШ доллары бойынша соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,79 теңге бағамында жасалды, сессия көлемі 31 705 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 148,76/148,79 теңге.

REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша 15 сағат 30 минөтте 1 доллар үшін 148,72/148,82 теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар