KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 148,86/148,89, еуро - 224, рубль - 5,09 теңге

АЛМАТЫ. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+0 (USD_TOD) есептері бойынша АҚШ долларымен, Т+0 (EUR_TOD) есептері бойынша еуромен және T+0 (RUB_TOD) есептерімен рубльдің күндізгі саудасы өтті. Бұл сессия доллар үшін қосымша болды. Бүгінгі спот-рынок саудаға KASE-нің 16 мүшесі қатысты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат қор биржасына сілтеме жасап.

Т+0 есебімен еуроның орташа бағамы 1 бірлік үшін 224 теңгені құрап, сауда көлемі 7 000 мың еуро болды.

Ресей рублінің орташа бағамы валютаның 1 бірлігі үшін 5,0970 теңгені құрап, сауда көлемі 15 600 мың рубль болды.

Спот-рынокта АҚШ доллары бойынша соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,89 теңге бағамында жасалды, сессия көлемі 29 100 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 148,86/148,89 теңге.

REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша 15 сағат 30 минөтте 1 доллар үшін 148,85/148,90 теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар