KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: Доллар ? 149,38 теңге

АЛМАТЫ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+0 (USD_TOD) есептері бойынша АҚШ долларымен, Т+0 (EUR_TOD) есептері бойынша еуромен және T+0 (RUB_TOD) есептерімен рубльдің күндізгі саудасы өтті.
None
None
Бұл сессия доллар үшін қосымша болды. Бүгінгі спот-рынок саудаға KASE-нің 16 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қор биржасына сілтеме жасап. Т+0 есебіцмен Ресей рублі бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі бір бірлік үшін 4,0940/4,1090 теңгені құрады. Т+0 есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.Спот-рынокта АҚШ доллары бойынша соңғы мәміле 1 доллар үшін 149,38 теңге бағамында жасалды, сессия көлемі 41 600 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 149,36/149,38 теңге. REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша 15 сағат 30 минөтте 1 доллар үшін 149,50/149,59 теңгені құрады.
Соңғы жаңалықтар