KASE: күндізгі сессиясының қорытындысы

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 14-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) TOD есептері бойынша АҚШ доллары, еуро және рубльдің күндізгі саудасы өтті.
None
None
Еуро мен рубль үшін бұл сессия ? негізгі, ал доллар үшін қосымша болды. Бүгінгі спот-рынок саудаға KASE-нің 18 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қор биржасына сілтеме жасап. Еуро бойынша мәмілелер жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.Ресей рублі бойынша сессия көлемі 0,800 мың рубль болып, орташа бағам 1 рубль үшін 3,8450 теңгені құрады. Спот-рынокта АҚШ доллары бойынша соңғы мәміле 1 доллар үшін 121,27 теңге бағамында жасалды. Сессияның жабылуындағы ең үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 121,27/121,28 теңге.REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Астана уақыты бойынша 15 сағат 30 минөтте 1 доллар үшін 121,31/121,36 теңгені құрады.
Соңғы жаңалықтар