17:43, 26 Ақпан 2009 | GMT +5
KASE: күндізгі сессиясының қорытындысы
АЛМАТЫ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) TOD есептері бойынша АҚШ доллары, еуро және рубльдің күндізгі саудасы өтті.
Еуро мен рубль үшін бұл сессия ? негізгі, ал доллар үшін қосымша болды. Бүгінгі спот-рынок саудаға KASE-нің 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қор биржасына сілтеме жасап. Еуро бойынша мәмілелер жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.Ресей рублі бойынша да мәмілелер жасалмады. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 рубль үшін 4,2060/4,2210 теңгені құрады.Спот-рынокта АҚШ доллары бойынша сауда көлемі 131 000 мың доллар болып, соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,40 теңге бағамында жасалды. Сессияның жабылуындағы ең үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 150,35/150,41 теңге.REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша 15 сағат 30 минөтте 1 доллар үшін 150,30/150,35 теңгені құрады.