KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары 153,88 теңгеге тең

АЛМАТЫ. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ долларымен,
None
None

есептесуі T+0 теңге (EURKZT_TOD) және есептесуі Т+0 теңге еуро (EURUSD_TOD) бойынша таңертеңгілік сессиясы аяқталды.

Аталмыш қаржы құралдарына осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 27 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметінен.

Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 153,88 теңгені (+0,28 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 337 800 мың (+123 100 мың USD) АҚШ долларын құрады.

Есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 АҚШ долларымен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Соңғы жаңалықтар