KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ долларының құны 363,02 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+1 теңгемен (USDKZT_TOM) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+1 АҚШ долларымен (EURUSD_TOМ) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.
None
None

Бүгін қазақстан қор биржасында есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша АҚШ-та мереке күні (Джордж вашингтонның туған күні) болғандықтансауда-саттық жүргізілмейді. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 21 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 363,02 теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 22 000 мың АҚШ долларын құрады.

Есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+1 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте сұраным бір юаньға 55,8771 теңгені, сауда-саттық көлемі - 700 мың юаньді құрады.

Осы хабарламада трендтердің барлығы тиісті қаржы құралының алдыңғы жұмыс күндегі соңғы мәнімен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Соңғы жаңалықтар