KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -145,31 теңгені, еуро бағамы - 212,10 теңгені құрады

Ы. 21 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -145,31 теңгені,  еуро бағамы -  212,10 теңгені  құрады

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 24 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 145,31 теңгені, ал сауда көлемі 119 550 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,22 теңгеге арзандап, сессия көлемі 41 500 мың долларға өсті.

Т+0 теңге есебімен еуроның орташа бағамы 212,10 теңгені, ал сауда көлемі- 200 мың еуроны құрады.

Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.